Silicon Steppe School — болашақ көшбасшылар өсетін мектеп
Біз іргелі ғылымдар, заманауи технологиялар және кәсіпкерлік ойлауды біріктіретін білім беру экожүйесін қалыптастырамыз.
Әр бала білім жобаларға айналатын, ал идеялар шындыққа айналатын шабытты ортада өсуге лайық.
Silicon Steppe School-да оқушылар тек білім алып қана қоймай, өздері құрастырып, зерттеп, сынап көреді, қателесіп, қайта жасап үйренеді.
Мектеп қабырғасында жүріп-ақ олар болашаққа сенімділік беретін тәжірибе жинақтап, жаһандық мүмкіндіктерге жол ашады.
Баланың болмысын ашатын орта қалыптастырамыз
Әр балаға жеке көңіл бөлініп, қолдау мен дамуға барлық жағдай жасалады.
Заманауи әдістемелер
Жоба арқылы оқыту, цифрлық технологиялар, ғылыми-зерттеу жобалары, ғылымға терең бойлау
Шағын сыныптар
Оқушылардың қабілетіне бейімделген жеке оқыту тәсілдері
Дарынды қолдау
Жеке даму бағыттары: математика, IT, кәсіпкерлік, өнер және спорт бағыттарында қолдау көрсетіледі
Олимпиадаларға қатысу
Ұлттық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға жүйелі дайындық
Кәсіпкерлік дағдылар мен soft skills
Оқушылар стартап жасап, питч жасауды үйренеді, топта жұмыс істеу дағдыларын меңгереді
Өндіріс саласымен байланыс
Google, Amazon, Apple, Facebook сынды алпауыт компаниялардан келген тәлімгерлер. Оқушыларды кәсіби бағыттайтын тағылымдамалар ұсынылады
Балаңызды не күтеді?
Біз академиялық білім мен практикалық дағдыларды біріктіретін бағдарламаларды ұсынамыз
Primary School
1 - 4 сынып
Академиялық бағдарлама
Мемлекеттік стандарт
Негізгі пәндерді тереңдетіп оқыту
Математика және логика бағытындағы дайындық
Олимпиадалық математикаға алғашқы қадам
Ағылшын тілі (Art & Reading)
Үйірмелер: шахмат, робототехника, мағыналы оқу және тағы басқалар
Қолдау және әдістеме
Бастауыш сынып оқушыларына арналған ерекше әдістемелер қолданылады. Мұғалімдер әр баланың даму қарқынын ескеріп, шабыттандыратын орта қалыптастырады. Оқыту Астана қаласындағы РФММ мектебімен серіктестікте жүргізіледі.
Оқу ақысы
2 700 000 ₸
Secondary School
5 - 9 сынып
Оқу мазмұны
Мемлекеттік стандарт
Тереңдетілген математика және ағылшын тілі
Бағдарламалау тілдері: Python, C++, Java
Робототехника, техникалық шығармашылық
Жобалық және зертханалық үйірмелер
Тәжірибе мен шабыт
Бағдарламалау олимпиадалары мен контестерге қатысу
Халықаралық компаниялардың (Google, Amazon, Facebook) мамандарымен шеберлік сабақтары
Кәсіптік бағдарлау: жергілікті және жаһандық компанияларға танысу сапарлары
Оқу ақысы
2 560 000 ₸
High School
10 - 11 сынып
Білім траекториясы
Мемлекеттік стандарт + оқушының жеке оқу жоспары
Халықаралық бағдарламалар: AP, SAT, IELTS
Бағдарламалау негіздері, веб-әзірлеу
Алгоритмдер, деректер құрылымы, мәліметтер базасы
Жасанды интеллект және машиналық оқыту
Ақпараттық қауіпсіздік
UI/UX дизайны және мобильді қосымшалар әзірлеу
Дағдылар мен болашаққа дайындық
Soft skills: көпшілік алдында сөйлеу, топта жұмыс істеу, көшбасшылық
Сын тұрғысынан ойлау және презентация жасау
Стартап жобалар мен хакатондарға қатысу
Болашақ мамандықтарға бағыт беретін тағылымдамалар мен бизнес-инкубация сессиялары
Оқу ақысы
2 560 000 ₸
Бір реттік қабылдау жарнасы – 100 000 ₸ Аталған сомаға тамақтану құны кірмейді.
Өтінім формасы
Барлық өрістерді толтырыңыз
Благодарим за ваш интерес в школу Silicon Steppe!
Мәліметтеріңіз сәтті қабылданды. 24 сағат ішінде сізбен менеджеріміз байланысады. Сондай-ақ, сіздің поштаңызға сұхбат немесе қабылдау емтиханының даталары көрсетілген ақпарат жіберіледі.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, бізге info@siliconsteppe.edu.kz поштасына немесе WhatsApp: +7(705) 685-61-74 нөміріне жазыңыз
Құрметпен, Silicon Steppe School қабылдау комиссиясы!
Упс! Что-то пошло не так. Попробуйте еще раз.
Қабылдау тәртібі
Өтініштерді қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 15 шілдеге дейін
Сайт арқылы өтініш беріңіз
Поштаңызға ақпараттық хат жіберіледі
Сұхбат немесе тест тапсырасыз:
1-сынып — сұхбат
2–6 сынып — математика пәні бойынша тест
7–11 сынып — математика және логика бойынша тест
Нәтижелер жарияланады
Тест нәтижесіне сәйкес мектепке қабылданасыз
Біздің серіктестер
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Оқыту қай тілдерде өтеді?
Тамақтану оқу ақысына кіреді ме?
Мектепке экскурсияға келуге бола ма?
Қай сыныптарға түсуге болады?
0-сынып (мектепке дейінгі дайындық) бола ма?
Ашық есік күндері қашан өтеді және қалай жазылуға болады?
Оқу құралдары оқу ақысына кіреді ме?
Орта мектепке тестілеу қандай пәндерден болады?
Жыл сайын оқу ақысы өседі ме?
Мектеп формасына қойылатын талаптар қандай?
Байланыс
Алматы қ., Манас көшесі, 34 (Жандосов көш. қиыл.) +7(705) 685-61-74